+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Атырауда марафоннан түскен қаражат ерекше балаларды сауықтыруға жұмсалады

2020 жылғы 4 қараша 08:44
Бөлісіңіз:
Атырауда марафоннан түскен қаражат ерекше балаларды сауықтыруға жұмсалады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда қайырымдылық марафонынан түскен қаражат «Атырау –шағын ел» қорына табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимовтің айтуынша, 22 қыркүйек-31 қазан аралығында дәстүрлі «Атырау қайырымдылық марафоны» онлайн ұйымдастырылған.

Биыл алғаш рет өзгеше форматта өткен марафонға қатысуға 1843 адам тілек білдірген. Оның арасында тек Атыраудың емес, өзге өңірлердің де тұрғындары бар.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға барынша көңіл бөлуді тапсырды. Бұл – біздің басқарманың басты бағытының бірі. Осыған орай облыста жыл сайын жеті ауқымды марафон өткізу жоспарланып келеді. Бірақ, биыл коронавирус инфекциясына байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін ойлап, бұл жоспарымызға аздаған өзгеріс енгіздік. Алда жағдай тұрақталып, осы бағыттағы жұмысымызды жалғастырамыз деп ойлаймын. Өйткені, саламатты өмір салтын қалыптастыруда бұқаралық спорттың алар орны ерекше», - дейді басқарма басшысы Ринат Ибрагимов.

Бүгін қайырымдылық марафонын ұйымдастырушылар жиналған қаражатты «Атырау – шағын ел» қоғамдық бірлестігінің қорына табыстады.

Бұл бірлестік ерекше күтімді қажет ететін балаларды сауықтырумен айналысады. Қазір бірлестік жетекшісі Ерлан Күмісқалиев демеушілердің көмегімен балалар ауылын ашты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT