+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Атырауда «Мәңгілік Абай» атты онлайн телемарафон өтті

2020 жылғы 11 тамыз 02:50
Бөлісіңіз:
Атырауда «Мәңгілік Абай» атты онлайн телемарафон өтті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда 10 тамыз –Абай күніне орай ұйымдастырылған «Мәңгілік Абай» атты онлайн телемарафон көпшілікке «Атырау» телеарнасы мен облыс әкімдігінің әлеуметтік желілері арқылы көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада жаңа Қаулы: Демалыс күндері ойын-сауық орталықтары істемейді Алматыда Мәслихат депутаттарына құжат пен төсбелгілер тапсырылды Петропавлда жыл басталғалы 68 қаңғыбас панажайға орналастырылды

Телемарафонда Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңір тұрғындарын Абай күнінің ең алғаш мерекеленуімен құттықтады.


«Биыл Алаштың алыбы, қазақтың данасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдық мерейтойы аталып өтуде. Осыған орай былтыр Мемлекет басшысы дара тұлғаның мерейтойын тағылымдық тұрғыда атап өтуді, той-мереке емес, ой-берекенің ұйытқысына айналуын тапсырған болатын. Ұлы ойшылды ұлықтаудың негізгі мақсаты — жас буынның санасына ғұламаның ізгілік тәмсілін барынша сіңіру. Абай жаққан білім-ғылымның шамшырағын мемлекетшілдіктің адастырмас темірқазығына айналдыру. Дана Абайдың есімі әлемдік деңгейге жаңа леппен шығарына сенемін. Абайды тану – Алашты тану, қазақ халқының терең дүниетанымы мен тағылымды болмысын тану деген сөз. Өйткені, оның туындыларында ұлттың болмыс-бітімі, тұрмыс-тіршілігі, пайым-парасаты, ділі мен тілі, діні мен рухы айрықша көрініс тапқан. Тәуелсіздіктің арқасында Абай әлемінің терезесі Алты алашқа ғана емес, тұтас адамзатқа айқара ашылды. Жылдар өте тау тұлғамыздың есімі жаһан жауһарларының ортасынан ойып тұрып орын алып, әлемнің асыл қазынасына айналары сөзсіз» -деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.


«Мәңгілік Абай» онлайн телемарафонына өңірдегі қала, аудандарынан, сондай-ақ, ауылдарынан руханият, өнер мен мәдениет өкілдері қатысты. Кемеңгердің өлеңдері мен қарасөздері оқылып, Абай әндері шырқалды. Сондай-ақ, Абайдың өмір жолы, шығармашылығынан сыр шертетін еңбектер де көпшілік назарына ұсынылды.


Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда өмірге келген сәбиге Абай есімі берілген еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT