Атырауда малымен бірге адасқан азамат екі күн бойы далада түнеген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының Индер ауданынан мал бағуға шығып, адасыпкеткен азамат көрші облыстан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Индер аудандық полиция бөліміне 20 қыркүйекте кешкі сағат 22:00 шамасында Өрлік ауылының тұрғынынан «Көкат» шаруа қожалығының 51 жастағы жұмысшысы Аманкелді Есовтің мал бағуға шығып, қайта оралмағаны туралы хабар түсті. Аудан полицейлері жедел іздестіру жұмысын хабар түскен сәтте бастағанмен, бір күн бойы ешқандай нәтиже бермеді. Бірақ полиция қызметкерлері іздестіруді тоқтатқан жоқ. Нәтижесінде​ Амангелді Есов келесі күні, яғни 22 қыркүйекте​ таңғы сағат 03:30 шамасында Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Мәстексай ауылына қарасты «Сабила Құдық» учаскесінің шабындық жерінен табылды», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қожалық жұмысшысының айтуынша, ауылға оралар жолда адасып кеткен. Екі күн бойы

тамақ ішпей, әбден әлсіреген ол жауын астында қалған. Полиция қызметкерлері оған дереу алғашқы көмек көрсетіп, киімдерін ауыстырып, аман-есен үйіне жеткізді.

Ал «Көкат» шаруа қожалығының жетекшісі Индер ауданының полицейлеріне жұмысшы

Аманкелді Есовты дер кезінде тауып, көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында КамАЗ жүргізшісі жоғалып кеткен еді.



Соңғы жаңалықтар