Атырауда Махамбет ауданының әкімі тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Махамбет ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президенті Әкімшілігінің депутаттары келісіміне сәйкес, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен Махамбет ауданының әкімі болып Ринат Бауыржанұлы Джанглишов тағайындалды. Ал, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Жәрдемғали Ахметов 3 жылға жуық басқарған Махамбет ауданы әкімі лауазымынан босатылған болатын.

Ринат Бауыржанұлы 1982 жылы 2 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде, ал 2017 жылы Атырау мұнай-газ университетінде заңгер, экономист және мұнай-газ ісі мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қалалық Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде тергеуші болып бастаған.

2006-2018 жылдары бірнеше жеке кәсіпорында басшылық еткен. Ал 2018-2019 жылдары Атырау қаласы мәслихатының хатшысы, 2019-2020 жылдары Атырау қаласы әкімінің орынбасары болған.

Өткен жылғы қарашадан бері ол облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы лазамын атқарып келді.


Соңғы жаңалықтар