Атырауда лифт шахтасына құлап, ауруханаға түскен жігіттің жағдайы ауыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда лифт шахтасына құлап ауруханаға түскен жігіттің жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше сағат 10:00 шамасында Атырауда көпқабатты үйде лифт құлап, бір адам мерт болған еді.

Тұрғын үйдегі лифтіні бөлшектеу кезінде екі қызметкер лифт шахтасына құлап кеткен.

Оқиға орнында 40 жастағы адам көз жұмды.

Кейіннен лифтінің 15-қабаттан құлағаны анықталды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 1987 жылы туған жігіт көптеген жарақатпен ауруханаға түскен.

«Кеше облыстық ауруханаға жатқызылған 34 жастағы жігітке ота жасалды. Қазір оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Ол аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оны дәрігерлер тұрақты бақылауына алды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар