Атырауда лифт шахтасына құлаған жасөспірімдерге қатысты жаңа деректер анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда лифт шахтасында мерт болған жасөспірімнің өліміне қатысты нақты деректер пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы жағдай Алмагүл шағын ауданындағы №19 үйде дүйсенбі күні кешкісін болған. 15 жастағы екі жасөспірім 16 қабатты үйдің 15-ші қабатында жұмыс істемей тұрған жүк таситын лифттің есігіне кірген. Сол сәтте жасөспірімдердің екеуі де шахтаға құлап кеткен. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі көптеген дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр.

Бұған дейін оқиға орнында Төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар