Атырауда қызын гитарамен ұрған ер адам сотталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда кәмелетке толмаған қызын гитарамен ұрып жіберген ер адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында құқықбұзушы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Сот тыңдаулары барысында анықталғандай, алкогольдік мас күйінде болған ер адам 2018 жылдың маусым айында өз үйінде жанжал шығарған. Оның барысында кәмелетке толмаған қызының басынан гитарамен қасақана бір ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Сот үкімімен А. кінәлі деп танылды. Оған 7 тәулік мерзіміне әкімшілік қамау жазасы тағайындалды», - деп хабарлады Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінен.

 

 

Соңғы жаңалықтар