+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

Атырауда Қызылқоға ауданы «сервистік әкімдік» форматына көшті

2020 жылғы 1 желтоқсан 03:35
Бөлісіңіз:
Атырауда Қызылқоға ауданы «сервистік әкімдік» форматына көшті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының Қызылқоға ауданы «сервистік әкімдік» форматына көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыттың айтуынша, «сервистік әкімдік» – open space режимінде жұмыс істейтін арнайы жоба.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы – мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартып, халықтың цифрлы сауаттылығын арттыру. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатын көздейтін бұл жоба аудан тұрғындарына қолайлы болады. Сол себепті, «Сервистік әкімдік» мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерге шоғырландырып, азаматтарға қолайлы жағдай жасаумен ерекшеленеді. Жоба ең әуелі тұрғындар игілігіне қызмет етуді көздейді. Жергілікті атқарушы биліктің өкілдері тұрғындарға қажетті қызмет түрлерін бір жерден көрсетеді. Бұдан былай уақыты тығыз, жұмысы қауырт жандар әр бөлімді іздеп, кез-келгеннің табалдырығын тоздырмайды» - дейді Айдос Мамыт.

Еске сала кетелік, бұдан Атырауда төртінші «сервистік әкімдік» ашылғанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT