Атырауда қыздың бетінен жұдырықпен ұрған ер адам ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда әйел адамды бетінен жұдырықпен ұрған ер адам ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА агенттігі.

Атырауда бақылау камераларынан әлеуметтік желіде жарияланған видео желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Жазба облыс орталығындағы ең ірі «Дина» базарының көкөніс сататын павильонында түсірілген. Кадрда екі қыздың жанынан өтіп бара жатқан ер адамның олардың бірінің бетінен ұрғандығын анық көрінеді.

Өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, видео негізінде тексеріс тағайындалған. Қызды соққыға жыққан ер адамның аты-жөні анықталып, қолға түскен. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


А. Соколов

Соңғы жаңалықтар