Атырауда «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі қойылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауға гастрольдік сапармен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Astana Musical» театрының ұжымы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда ұжым өкілдері «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклін қоймақшы. Мюзикл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және елорданың 20 жылдығына орайластырылып отыр. Мюзиклді қоюдағы мақсат - қазақтың бай мәдениет таныту.

«Қыз Жібек» мюзиклі осыған дейін Франция, Бельгия, Австралия, Ресей сахналарында қойылған болатын. Шетелдік көрермендер бізді өте жылы қабылдады және біз шетелдік сыншылардың біздің қойылымымызға тамсана қарағандығын көрдік. Енді атыраулықтар да өнеріміздің лайықты бағасын береді деген үміттеміз»,-деді өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Асхат Маемиров.



Төлеген мен Қыз Жібек сияқты басты рөлдерді Игілік Оразалы мен Инабат Ризабекова орындайды. Көрермендер қойылым барысында тек қазақстандық күйлерді тыңдап қана қоймай, қазақтың бата беру, жоқтау сияқты дәстүрлерінен көріністерді тамашалап, айтыс сияқты қазақтың өзге де өнерлерін көре алады.

Этно-фольклорлық мюзиклді 9-10 сәуірде сағат 19-00-де Махамбет атындағы академиялық драма театрда екі рет көруге болады.

Соңғы жаңалықтар