Атырауда қыз ұзату құдалық туған күн тойлау азаяр емес

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қыз ұзату, құдалық, туған күн тойлау азаяр емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мониторингтік топтар 13-19 тамыз аралығында адам көп жиналатын 200-ге тарта мейрамханалар мен өзге де нысандарды тексерген.

«Тексеру нәтижесінде «Ай-Жан», «Айсберг», «Айнаш», «Bellagio Ballroom» мейрамханалары, «Орта», «Гаджи 2», «Sulo» кафелері, «End ne stimz» лоундж бар, «SKY BAR» түнгі клубы, «Мекен» демалыс орны, «Лото клуб», «Балажан» балалар ойын сауық орталығы, Авангард-2 шағындағы алкомаркет пен С.Бейбарыс көшесіндегі 99-үйде ескертулер елемей, карантин талаптары бұзылғаны анықталды.

Бұл нысандардың кейбірі карантин шектеулерін жүйелі түрде бұзып келеді. Сондай-ақ, мейрамхананың артқы есігінен кіріп, қыз ұзату, аулаға той жасау, құдалық өткізу, ас беру, туған күн тойлау сияқты іс-шаралар азаяр емес» -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жыл басына бері карантин талабы 620 мәрте бұзылғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар