Атырауда КВИ жұқтырғандар саны артып, жансақтау бөлімінде жүктеме 52% жетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 59 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, инфекциялық стационарларда 947 науқас емделу үшін оқшауланған.

«Өңірдегі 2 632 орындық инфекциялық стационарлардағы жүктеме – 35,9%. Ал 113 төсек-орны бар жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 59 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 8 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Мұндағы жүктеме 52,2%-ды құрап отыр», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жансақтау бөлімінде 55 науқас жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар