Атырауда күзет қызметі басқармасының бастығы жемқорлық күдігіне ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысының арнайы күзет басқармасының бастығы жемқорлық күдігіне ілінді. Бұл ақпаратты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттік өткізген онлайн баспасөз мәслихатында «Атырау облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мекемесінің бастығының ұсталғанын растайсыз ба? Ол қызметте болмаған полиция қызметкерлеріне ақша аударып, мемлекеттік бензинді сатқаны рас па?» деген сұрақ қойылған болатын.

«Растаймыз. Басшылардың біріне қатысты қамауға алу жөніндегі бұлтартпау шарасы таңдалып алынды. Тергеу мүддесіне сәйкес, қалған ақпаратты жариялай алмаймыз», - деді Данияр Бекайдаров.


Соңғы жаңалықтар