+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Атырауда күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары 7 жылға сотталды

2021 жылғы 21 қазан 14:32
Бөлісіңіз:
Атырауда күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары 7 жылға сотталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары 7 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында вакцинаның І компонентін 250 мыңға жуық адам салдырды Атырауда төбелескен оқушылардың ата-аналары айыппұл төледі Түркістан облысында ноутбуктер жеткізу кезінде 2,5 млрд астам теңгені жымқырған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыттың айтуынша, биылғы 9 айда құқық қорғау органдарында 18 дерек анықталған.

«Бүгін, 21 қазанда Атырау қалалық №2 сотының үкімімен Атырау облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары өзінің қарауындағы қызметкерлерінен пара алған үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот отырысына сотталушының туыстарымен бірге ұжымдастары қатысты. Мұндай шара сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары салдарымен күресте маңызды рөл атқарады. Сол себептен, облыстық сотпен арадағы келісім негізінде мемлекеттік қызмет ұжымдары әріптестеріне қатысты қаралатын сот процестеріне қатысатын болады. Осылайша, мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлықты қысқартуды, тіпті жоюды жоспарлап отырмыз», - дейді Айдос Мамыт.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда білім басқармасының экс-шенеунігі сотталғанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT