Атырауда күзет фирмасының қызметкерлері кісі тонап, қарақшылық жасаған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы күзет фирмасының қызметкерлері қарақшылықпен және тонаумен айналысып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5 адамнан тұратын қылмыстық топтың іс-әрекеті жәбірленушілердің бірінің полицияға арыздануынан кейін әшкере болды. Өзбекстан азаматы бейтаныс адамдар жұмысшылардың құнды заттарын және ірі сомадағы ақшасын тартып алып, қоқан-лоққы көрсетіп жүргенін айтқан. Соңғы жағдай сол полицияға арызданған күні болған. Іс бойынша 18-24 жас аралығындағы бес адам тұтқындалды. Оның екеуі - қаладағы әлдебір күзет фирмасының қызметкерлері болып шыққан.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің қарақшылық бабы бойынша соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.


Автор: А.Соколов

 

 

Соңғы жаңалықтар