Атырауда құйынға ұқсас өрт сөндірілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қамыстар өртеніп, өрттің түтіні құйынға ұқсас болып шығып, қалың көпшілікті дүрліктірген болатын. Өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Каспий теңізі жағалауындағы қамыстардың арасынан өрт 19 қазан күні түстен кейін пайда болған. Жалын 11 гектар аумақты шарпыған. Бірінші күні 3 га аумақтағы, екінші күн 7 га жердегі өрт сөндірілді. Үшінші күні соңғы 1 га жердегі жалын сөндірілді.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша, қамыстың тамыры өте тереңде жатады. Осыған қарай өрт те кез келген уақытта пайда болуы мүмкін. Сол себепті құзырлы орган өкілдері қазір жағдайға мониторинг жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар