Атырауда құтқарушылар каналға батып кеткен 9 жасар баланың денесін іздеп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында каналға батқан баланы іздеу жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сенсек, қайғылы жағдай Жылыой ауданындағы Құрса каналында болған.

2012 жылы туған бала су арнасына батып кеткен.

26 сәуір күні кешкі 20:35 кезінде құтқару қызметіне шұғыл хабар келіп түскен. Сол сәтте оқиға орнына сүңгуірлер тобы жіберілген.

Су астынан баланы іздеу жұмысы 1,5 сағатқа созылды. Қараңғы түскен соң қауіпсіздік мақсатында іздеу жұмысы тоқтады.

Дегенмен құтқарушылар баланың денесін қайық және құрал-сайманның көмегімен іздеп жатыр.

Аталған шараларға құтқарушылар, баланың туыстары және волонтерлер жұмылдырылған. Бұл жұмыс тоқтамайды.

Таңға жуық Жылыой ауданына Атыраудан қосымша сүңгуірлер келеді.


Соңғы жаңалықтар