Атырауда құрылысшылар тұрып жатқан вагондар өртенді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда құрылысшылар тұрып жатқан екі вагон өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше, 28 қаңтарда түнгі сағат 23:37-де Атырау қаласының «Береке» шағынауданындағы тұрғын үйдің жанында тұрған екі вагон-контейнер өртенген.

Бір-біріне жапсарлас қойылған вагон-контейнерлерде құрылысшылар тұрған. Өрт электр пешінің қараусыз қалуынан тұтанған. Вагон-контейнерлерде газ баллондары болған.

«Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер вагон-контейнерлердің ішінен 55 литрлік екі газ баллонын алып шықты. Сөйтіп, газ жарылысының алдын алды. Жалын бүгін, 29 қарашада сағат 00:20-да оқшауландырылып, сағат 00:21-де толық сөндірілді», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Өрт сөндіруге департаменттің 11 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында көліктен шыққан өрт тұрғын үйді шарпыған еді.


Соңғы жаңалықтар