Атырауда құрылыс материалдары бар қойма өртенді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда құрылыс материалдары бар қойма өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін, сағат 10:13 шамасында М.Баймұханов көшесінде орналасқан ангар типтес бір қабатты ғимаратта тұтанған.

«Жалпы ауданы 90 шаршы метр болатын қоймада құрылыс материалдары жанған. Оның ішінде стекловат, пенопласт және басқа да құрылысқа пайдаланылатын материалдар бар» - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жалынды сөндіруге 29 өрт сөндіруші мен 10 арнайы техника жұмылдырылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында бір қабатты ғимараттағы супермаркет пен асхана өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар