Атырауда Құрманғазы ауданына пойыз шығару үшін ашық конкурс жарияланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Құрманғазы ауданына жолаушылар пойызын шығару үшін ашық конкурс жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының әкімдігі Құрманғазы ауданы тұрғындарының өтінішіне қолдау білдіріп отыр. Қазір жолаушылар пойызын іске қосу мәселесі талқыланып жатыр.

«Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов бұл проблеманы үнемі бақылауында ұстап, жылдамдатып шешуді тапсырған болатын. Облыстық мәслихат бұл бағытта пойыз жүргізуді әлеуметтік маңызы бар іс-шара ретінде қолдады» -деп ақпарат таратты облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек.

Оның айтуынша, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 13 шілдеде «Атырау-Аққыстау-Құрманғазы-Д.Нұрпейісова» бағытында теміржол көлігі арқылы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін ашық конкурс жарияланған.

«Конкурсқа қатысып, тасымалдаушы болғысы келетін 5 мекеменің құжаттары қабылданды. Қолданыстағы заңдарға сай, конкурстық комиссияның отырысы өтіп, жеңімпаз анықталып, хаттама толтырылады. Содан кейін басқарма мен мердігер мекеме арасында келісімшарт жасалады», -дейді Ержан Төлек.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау мен Құрманғазы ауданы аралығында пойыз қатынауы мүмкін екені хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар