Атырауда Құрманғазы ауданына қатынайтын пойызға тағы бір вагон қосылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Құрманғазы ауданына қатынайтын пойызға тағы бір вагон қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырау теміржол стансасынан Құрманғазы ауданындағы Д.Нұрпейісова бекетіне дейін қатынайтын жолаушы пойызы жүргенін жазған едік.

«Бұрын пойыз құрамына екі палцкарт, бір жалпы вагон жалғанған болатын. Енді тұрғындардың өтінішіне сәйкес, 52 орынға арналған тағы бір қосымша плацкарт вагонын тіркедік. Қазір жолаушылар пойызында екі плацкарт пен 266 орындық екі жалпы вагон бар. Жолаушылар қатары көбейіп, қажеттілік туындаса, 5-вагонды қосу мүмкіндігі бар» - дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Ерлан Сәрсенғалиев.


Соңғы жаңалықтар