Атырауда құрбандыққа шалынған мал еті 300-ден астам отбасыға таратылуда

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда құрбандыққа шалынған мал еті 300-ден астам отбасыға таратылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, құрбандық еті әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға таратылады. Оған Атырау волонтерлар штабынан 50 ерікті мен автоволонтерлер жұмылдырылды. Волонтерлар штабының мүшелері етті бөліп, мұқтаж отбасылардың үйіне жеткізіп береді.

«Бүгін біз құрбандыққа шалынған мал етін көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға таратып жатырмыз. Құрбан айт күнгі ізгі ниеттер қабыл болады. Бірлігіміз арта береді деп сенемін», - деді облыстық волонтерлар штабының мүшесі Әділхан Сәрсенов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудың кіребесіне 4 мобильді бекет қойылған еді.


Соңғы жаңалықтар