+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырауда Құран бағышталып, құрбандық шалынуда

2020 жылғы 31 шілде 17:30
Бөлісіңіз:
Атырауда Құран бағышталып, құрбандық шалынуда

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Ұлық мереке Атырауда облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының Құран бағыштауымен басталды, деп хабарлайды Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
25 жасында бес баланы бауырына басқан жамбылдық Алтынай туралы білесіз бе Ат спортынан ұлттар кубогының финалдық кезеңі өтпейтін болды ҚХЛ: Алдағы маусымға қатысатын командалар тізімі белгілі болды

Ондағы мәліметтерге қарағанда, коронавирус індетіне байланысты онлайн форматта құрбан шалу Атырау қаласында төрт орында атқарылуда. Атап айтқанда, қазіргі уақытта Атырауда «Тума», «Асыл агро», «Адал», «Қуаныш» ЖК базарларында құрбан шалу рәсімі жалғасып жатыр. Онда штаб және орталық «Иманғали» мешіті жанынан құрылған арнайы бригадалар жұмыс істеуде.

Құрбан айт мейрамында ең басты жасалатын амал – құрбан шалу.

Атыраулықтарды ұлық мерекемен құттықтаған Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы әлемді жайлаған індетке байланысты, көпшіліктің сұрауымен елімізде алғаш рет құрбандық шалу қашықтан ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп, «Иманғали» мешіті құрбан малын тапсырысқа сай таңдап алып, құрбандық шалуды және құрбан малының етін толықтай мұқтаж отбасыларға таратуды ұйымдастырып отыр.

Құрбан шалуды қазақ халқы болмысына сіңіріп алды. Бүгінде ұлық күн мемлекеттік деңгейдегі мерекеге айналды.

Қаншама халық Алладан елдің амандығын сұрап, құрбандық шалуда. Осынау ізгі амалымызбен Аллаға жақындай түсуді және дұғаларымызды қабыл етуді нәсіп еткей» деген Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы ұлық мерекеде ата-ана, бауырлар, ағайын, көрші-қолаңмен арадағы қатынасты жақсарта түсуге амал етуге үндеді.

Еске сала кетелік, құрбандық шалуға тапсырыс беру мен мұқтаж жандардан өтініш алу үшін Qurban2020.kz сайты жұмыс істеуде. Бүгінде сайт арқылы 300-ден аса атыраулық құрбан шалуға өтініш беріп үлгерген.

Аталмыш сайт арқылы құрбан шалуға онлайн тапсырыс беру 1 тамызға дейін жалғасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT