Атырауда куәгерлер өзенге түсіп кеткен 4 жасар баланы құтқарып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Леня атты құтқарылған баланың суретін Facebook желісіне жергілікті тұрғындардың бірі жариялаған, деп жазады «Мой город».

«Баланың аты Леня, ол 4 жаста. Балабақшадан қашып кеткен. Ол өзенге түсіп кеткен болатын, бірақ оны құтқарып алды. Ол үйінің мекенжайын білмейді. Оны жедел жәрдем көлігі балалар ауруханасына алып кетті. Егер ата-анасын білетін болсаңыздар хабар беріңіздерші»,-делінген хабарламада және баланың суреті қойылған.

Кезекшінің мәліметі бойынша, төтенше жағдайлар қызметіне осы оқиға туралы хабар сағат 19-20-да түскен. Құтқарушыларға әйел азамат телефон шалып, өзенге түсіп кеткен балаға жедел жәрдем шақырып беруді сұраған.

«Абырой болғанда баланы куәгерлер құтқарып алды, бізге құтқарушыларды жіберуді қажеті болмады. Біз жедел жәрдем шақырып бердік. Баланы балалар ауруханасына алып кетті»,-деді төтенше жағдайлар қызметінің кезекшісі.

Постқа жазылған коментарийлерге қарағанда, баланың ата-анасы табылған және олар перзенттерін алып кеткен. Бұл мәліметті облыстық балалар ауруханасының бас дәрігер Нұрғабыл Айтмұхамбетов те растады.

Соңғы жаңалықтар