+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырауда қойма өртеніп, бір адам зардап шекті

2020 жылғы 27 наурыз 08:11
Бөлісіңіз:
Атырауда қойма өртеніп, бір адам зардап шекті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында есіктердің үлкен партиясы сақталған қойма жанып кетті. Салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өрт ағаш есіктердің үлкен партиясы сақталған қоймадан шықты. Ғимараттың ішінде басталған өрт шатырға өткен. 125 шаршы метр жерді шарпыған жалын толық сөндірілді. Салдарынан 1955 жылғы ер адамның аяқ-қолдарын күйік шалды. Ол оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», - деді Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Қисықова.

Оның мәліметінше, тілсіз жаумен күреске өрт сөндіру қызметінің 13 адамы және үш техникасы жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT