Атырауда коттедж өртеніп кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында коттедж өртеніп кетті, деп хабарлайдыҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда,

өрт кеше, 23 ақпанда сағат 20:16-да болған.

«Департаментттің диспетчерлік пультіне Атырау қаласындағы Д.Сүйесінов көшесінде

коттедждің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен

кезде 2 қабатты тұрғын үйдің жанып жатты. Тұрғын үйдің өртке орануына жылыту

құралын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, яғни, тұрғындардың

жылыту құралын (пушка) газ баллонға жалғап пайдаланғаны себеп болған. Соның

салдарынан жарылыс болып, жалпы ауданы 150 шаршы метрлік коттедж толықтай

өртеніп кетті, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Жалынды сөндіруге жеке құрамның 24 қызметкері мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.

Өрт сағат 21:08 минутта оқшауланып, 22:25 минутта толықтай жойылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда балабақша _a3752737 өртенген еді.


Соңғы жаңалықтар