Атырауда көші-қон заңын бұзған 3110 шетел азаматы жазаланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жыл басынан бері көші-қон заңдылығын бұзғандарға 7 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың мәліметінше, жыл басынан бері көші-қон заңдылығын бұзған 4 991 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Полиция қызметкерлері облыс аумағында «Мигрант», «Заңсыз келуші – 2021» жедел-профилактикалық іс-шаралары мен рейдтік тексерістерді жиі ұйымдастырады. Мақсат – өңірдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз келуді, тұруды, көші-қон саласындағы қылмыстарды, заңсыз көшіп-қонушылардың арналарын анықтау. Осындай шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері көші-қон заңдылығын бұзғаны үшін 4 991 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 3110 шетел азаматы бар. Сот шешімдерімен көші-қон заңдылығын бұзған 100 шетелдік ел аумағынан тысқары шығарылды» -дейді Қамза Үмбетқалиев.

Оның айтуынша, көші-қон заңдылығын бұзған тұлғаларға ​7​ 029​ 743 теңге айыппұл салынған. Айыппұл толық өндірілді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда ел шекарасын қасақана бұзған шетелдіктер ұсталған болатын.


Соңғы жаңалықтар