Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 61 шетелдік елден шығарылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 61 шетелдік елден шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың мәліметінше, 10 күнге созылған «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен.

«Полиция қызметкерлері еліміздің көші-қон заңнамасын бұзудың​ 1 514​ дерегін анықтады. Оның ішінде​ ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 517-бабымен 1185​ шетелдікке әкімшілік шаралар алынды» -дейді Қамза Үмбетқалиев..

Оның айтуынша, көші-қон заңдылықтарын бұзғаны үшін сот шешімімен​ 61​ шетелдіктерді елден шығару ұйымдастырылған. Полиция қызметкерлерінің бақылауымен 15 өзбекстандық пен Тәжікстан Республикасының 1 азаматын​ мәжбүрлі түрде Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» бақылау-өткізу бекеті арқылы шығарылған. ​

«Бұған қоса, көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған және шетелдік жұмыс күші мен еңбекші көшіп келушілерді арнайы заңдылықты бұза отырып тартқан​ еліміздің 329​ азаматы мен заңды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке басын анықтайтын құжатсыз жүрген​ ТМД елдерінің 144​ азаматы қабылдау-тарату орнына тапсырылды» -дейді Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда заңсыз жүрген Ирландия азаматы елден шығарылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар