Атырауда көршісінің итін қатігездікпен өлтірген тұрғынға сот үкімі шықты

None
None
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Атырауда көршісінің итін қатігездікпен өлтірген жігітке сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот отырысы барысында 29 қыркүйекте сотталушы көршісінің итін айырмен шаншып өлтіргені белгілі болды. Сот айыпталушыны ҚР ҚК 316-бабының 1-бөлігі бойынша («Жас балалардың көз алдында жануарлардың өліміне әкеп соққан қатыгездік жасау») бойынша кінәлі деп танып, 20 АЕК (55 560 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады», - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сотта ер адам өз кінәсін мойындады. Зардап шеккен ит иесінің азаматтық талаптары да толығымен қанағаттандырылды, оның пайдасына сот келтірілген материалдық шығынды өндірді.


Авторы Виктор Сутягин

Соңғы жаңалықтар