+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Атырауда коронавирусты қала тұрғындары жиі жұқтырып жатыр

2020 жылғы 30 маусым 13:51
Бөлісіңіз:
Атырауда коронавирусты қала тұрғындары жиі жұқтырып жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда коронавирус инфекциясы қала тұрғындарынан көбірек анықталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Біз бұл қиындықты бірлікпен жеңеміз - университет ректоры Қазақстан тоғызыншы рет Аза тұту күнін жариялады – саясаттанушы Мұхтар Төлеген: Бұл індетке үстірт қарауға болмайтынын уақыт анық көрсетті

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте қауіпті індеттің белгісі 23 тұрғыннан табылған.

«Науқастардың арасында Атырау қаласының 21 тұрғыны бар. Оның 12-сі – ер, тоғызы – әйел. Скринингтен өту және ЖРВИ клиникалық симптомымен медициналық көмекке жүгіну кезінде науқастардан коронавирус инфекциясының белгісі табылған. Сондай-ақ, Жылыой ауданының 2 тұрғыны да індет жұқтырған» деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Қазір індетті жұқтырғандар инфекциялық ауруханаға жатқызылып, бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ал, олармен байланыста болғандар дәрігерлер бақылауына алынып, індет ошақтарына дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Атырау облысында коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 1640 адамға жетті. Жазылып шыққандар –1376 адам.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облыстық ауруханасында 400 орындық инфекциялық стационар ашылатынын жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT