+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Атырауда коронавирустан көз жұмған науқас үйінде бір апта жатып қалған

2020 жылғы 4 маусым 13:59
Бөлісіңіз:
Атырауда коронавирустан көз жұмған науқас үйінде бір апта жатып қалған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында коронавирустан қайтыс болған екі адамның бірі үйінде бір апта жатып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
474 қазақстандық коронавирустан жазылды Қазақстанда 820 адам коронавирус жұқтырған Коронавируспен ауырған 11,2 мың қазақстандық емделіп жүр

Бұл туралы бүгін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлім етті.

«Коронавирус індетінен қайтыс болған науқастың бірі респираторлы белгілерімен ауырғаннан кейін облыстық аурухананың провизорлық бөлімшесіне медициналық жедел-жәрдем көмегімен жеткізілді. Ауыр жағдайда «екі жақты пневмония, жедел тыныс алу жетіспеушілігі» диагнозымен жатқызылған сырқатты дәрігерлер аман алып қала алмады.

Ал, көз жұмған екінші адам бір апта бойы үйінде ауырған. Алғашқы үш күнде диарея белгілері, артынан жөтел, дене қызуының жоғарылауы, ентігу, жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі белгілері пайда болған. Кеуде клеткасының КТ зерттеуі жасалды. Өкпе тінінің зақымдалу көлемі 50% құрады. Ауруханаға түскен кезден бастап науқас ВРАР режимінде мұрын арқылы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды»,- деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Бұған дейін Атырауда коронавирустан екі қайтыс болғанын хабарлап едік.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT