Атырауда коронавируспен жансақтау бөлімінде жатқан науқастар саны 63-ке жетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясына шалдығып, жансақтау бөлімінде жатқан науқастар саны 63-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жансақтау бөліміне түскен науқастардың саны артқан.

Атырау облысындағы инфекциялық стационарларда 2 632 төсек-орын бар.

Қазір стационарларда 1 013 науқас оқшауланып, мұндағы жүктеме 38,4%-ды құрады.

«Ал, жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 63 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 8 науқастың өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Бұл бөлімдегі 113 төсек-орынның жүктемесі 55,7 %-ға жетті» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда КВИ жұқтырғандар саны артып, жансақтау бөлімінде жүктеме 52%-ға жеткенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар