Атырауда коронавируспен күреске 2 мыңнан аса медқызметкер жұмылдырылған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында COVID-19 індетімен күреске 2 мыңнан аса медицина қызметкері тартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, өңірде қазіргі уақытта 278 медицина қызметкері тапшы.

Қазіргі уақытта облыстағы дәрігерлер жетіспеушілігі мәселесі шешімін тауып жатыр. Ол үшін ішкі ресурстарды пайдалану туралы шешім қабылданып, медицина факультетінде оқитын жоғары курс студенттері пандемиямен күреске тартылды.

Өткен демалыс күндері Атырау облысына Батыс Қазақстан медицина университетінің 32 түлегі, еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында оқып жатқан атыраулық 102 интерн мен резидент келді. Қалған 70 дәрігер бір айдың ішінде келеді деп күтілуде.

Айта кетейік, бұған дейін өңірге Ақтөбе облысынан - 8 дәрігер, Ресей Федерациясынан - 11 дәрігер, оның ішінде Астрахан облысынан 5 дәрігер келген еді.

Бүгінде олар облыстағы медициналық мекемелерде қызмет атқаруда.


Соңғы жаңалықтар