Атырауда коронавируспен ауырған 30 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда коронавирус инфекциясымен ауырған 30 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жансақтау бөліміне түскен 30 науқастың 6-уы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

«Атырау облысындағы инфекциялық стационарларда 397 науқас ем алып жатыр. Стационарларда 2 098 төсек-орын бар. Қазір мұндағы жүктеме 18,9%-ды құрап отыр. Ал, 81 төсек-орны бар жансақтау бөліміне 30 науқас емделуде. Бұл бөлімдегі жүктеме – 37,0%» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Аshyq қосымшасы «қызыл» мәртебелі 20 адамды анықтаған еді.


Соңғы жаңалықтар