Атырауда коронавирусқа шалдыққандар саны 6 мыңнан асты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирусқа шалдыққандардың саны 6 156 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметінше, Атырауда 27 наурыз-7 шілде аралығында симптомсыз науқастарды қоса есептегенде коронавирус инфекциясы расталған 6 156 жағдай тіркелген.

Науқастардың арасында індетті көп жұқтырғандар – Жылыой ауданының тұрғындары. Мұнда қауіпті індетке шалдыққан 2 822 адам бар. Оның ішінде 2 063 жағдай Теңіз кенішіндегі кәіспорындар жұмысшыларынан анықталған.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың көбі – 20 мен 60 жас аралығындағы азаматтар. Оның ішінде 3 373 жағдай скрининг кезінде анықталды. Ал, 1 902 науқас қауіпті індетке шалдыққандармен жақын қарым-қатынаста болғандар. Қалғандарынан медициналық көмекке жүгіну кезінде белгілі болып отыр. Қазіргі уақытта аудандық және ауылдық жерлерде той-томалақ пен жаназаға жиналғандар да вирустың таралуына әсерін тигізді, - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тікелей эфирде өткен брифингіде.

Қазір облыста коронавирус жұқтырған 6 156 науқастың арасынан 1 476 пациент жазылып шыққан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 278 медицина маманы жетіспейтінін хабарлап едік.



Соңғы жаңалықтар