Атырауда коронавирусқа қарсы жедел жәрдем бригадаларының саны артты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда COVID-19 инфекциясының белгісі бар адамдарды қарауға баратын жедел жәрдем бригадаларының саны артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметінше, коронавирус инфекциясының белгісі байқалған науқастарды қадағалайтын дәрігерлер санын көбейту туралы шешім қабылданған. Бұрын қауіпті індеттің белгісі бар адамдарды қарауға жедел жәрдемнің 3 бригадасы шыққан. Енді 5 бригада шақыртуға барады. Ад, дәрігерлер саны 40-қа дейін артқан.

«Дәрігерлердің бәрі бір және бірнеше рет пайдалануға болатын костюмдермен қамтамасыз етілді. Олар індет жұқтырған науқастарды оқшаулау бойынша арнайы курстан өткен», - дейді облыстық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.

Оның айтуынша, күн сайын жедел жәрдем стансасына 800-ге жуық қоңырау түседі. Ал, науқастардың шақыртуына 25 бригада жіберіледі.


Соңғы жаңалықтар