Атырауда коронавирус жұқтырудың төртінші оқиғасы туралы айтылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат -Ыстанбұл-Атырау рейісінің жолаушысынан короновируске тест оң нәтиже берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 28 наурызда індетті жұқтырған төртінші адам Ыстанбұлдан келген рейс жолаушысынан анықталды.

Короновирус жұқтырған 31 жастағы әйелді бірден оқшаулап, екінші Облыстық ауруханаға жатқызды.

Қалған 62 арнайы рейстің жолаушылары және экипаж мүшелері 14 күнге карантинге жатқызылды. Олардың барлығына тест жасалып теріс нәтиже көрсетті.


Соңғы жаңалықтар