Атырауда коронавирус жұқтырған жетінші жүкті әйел босанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған жетінші жүкті әйел босанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, 15 маусымда қауіпті індетке шалдыққан жетінші жүкті әйел дені сау бала дүниеге әкелі.

Акушерлік көмекке облыстық перинаталдық орталықтың мамандары атсалысқан. Нәрестеден коронавирус инфекциясына талдау алынып, таза палатаға ауыстырылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, босанған әйел – Қызылқоға ауданының тұрғыны.

«Сәбидің салмағы – 3 келі 394 грамм, бойы – 52 см. Ананың да, нәрестенің де жағдайы жақсы. Жас анаға тиісті емдеу шаралары әрі қарай жүргізілетін болады», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетсек, Атырауда NCOC қызметкері коронавирус жұқтырды.



Соңғы жаңалықтар