АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған екі жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Садуованың мәліметінше, биылғы қаңтардан бері 2 283 бала қауіпті вирусқа шалдыққан.
«Жыл басынан бері 141 бала стационарларда емделген. Оның ішінде 3 бала жансақтау бөлімінде жатқан. Қазір инфекциялық стационарда 10 бала емделіп жатыр. Жансақтау бөлімінде оқшауланған 2019 жылғы бір баланың жағдайы ауыр» -дейді Жанар Садуова.
Оның мәліметіне сүйенсек, қазір 389 бала амбулаторияда бақылау арқылы емделуге жіберілген.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 4 мыңға жуық бала коронавирусқа шалдыққанын хабарлаған едік.