Атырауда коронавирус жұқтырған екі әйел дені сау бала босанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда кеше дүниеге келген 2 сәбиден коронавирус белгісі табылмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, 2 сәбиден коронавирус инфекциясына алынған тест сынамасының нәтижесі белгілі болған. Сәбилерден қауіпті індет табылмаған.

«Екі сәби инфекциялық стационардан облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Екеуінің де денсаулығы тұрақты деп бағаланып отыр. Ал, аналары – 24 және 29 жастағы екі әйел инфекциялық стационарда ем алуды жалғастырады. Олар қауіпті індеттен толық айыққаннан кейін шығарылады», - деп хабарлады өңірлік штаб.


Соңғы жаңалықтар