Атырауда коронавирус жұқтырған 385 адам оқшауланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Қызыл» аймақтағы Атырау облысында бір тәулікте 98 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте 98 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Оның ішінде 69 науқас Атырау қаласында тіркеліп отыр. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде – 7, Жылыой ауданында – 10, Исатайда – 3, Индерде – 2, Махамбетте – 2, Қызылқоғада – 2, Мақат ауданында 2 адамнан қауіпті вирустың белгісі табылған.

«Қазір 397 науқас коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Оның ішінде модульдік ауруханада – 161, №2 облыстық ауруханада – 110, аудандардағы стационарларда – 77, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 49 адам емделуде. Ал, үй жағдайында емделу үшін 385 адам оқшауланды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар қайта көбейгенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар