Атырауда коронавирус жұқтырған 23 науқастың жағдайы ауыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Сары» аймақтағы Атырауда коронавирус инфекциясына шалдыққан 23 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өңірдегі 2 352 төсек-орны бар инфекциялық стационарларда қауіпті вирустан 269 науқас емделіп жатыр.

«Қазір инфекциялық стационарлардағы жүктеме 11,4 пайызды құрап отыр. Стационарлардың 90 орынға есептелген жансақтау бөлімінде хал-ахуалы ауыр 23 науқас оқшауланған. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 5 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі төсек-орын жұктемесі – 25,5 пайыз» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында коронавирус жұқтырған 27 науқастың жағдайы ауыр екенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар