Атырауда коронавирус жұқтырған 13 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, инфекциялық стационарларда 181 адам ем қабылдап жатыр.

«Қазір өңірдегі 730 төсек-орны бар инфекциялық стационарлардағы жүктеме 24,8%-ды құрайды. Ал, 75 орынға есептелген жансақтау бөлімінде жағдайы нашарлаған 13 науқас оқшауланған. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 2 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме 17,3%-ды құрап отыр» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт төмендегенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар