Атырауда коронавирус инфекциясынан 17 адам жазылып шықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың арасынан 17 адам жазылып шықты, хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметінше, қауіпті індеттен айыққандардың арасында Теңіз кенішінде жұмыс істеген 16 жұмысшы бар. Олардың 11-і – ер, бесеуі – әйел адам. Ал, тағы 1 адам – Атырау қаласындағы №4 емхананың медбикесі. Оның жасы 57-де.

«Емделушілерден коронавирус инфекциясына алынған бақылау тестінің қорытындысы теріс нәтижені көрсетті. Бүгін бұл пациенттер инфекциялық стационардан шығарылды», - деп хабарлады өңірлік жедел штаб.

Еске сала кетелік, бұған дейін Ресейден келген 5 түркістандықтан коронавирус инфекциясы анықталғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар