13:30, 09 Сәуір 2019 | GMT +6
Атырауда қорапқа салып, тастап кеткен баланың ата-анасы табылды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қораптан табылған баланың денсаулығы алаңдаушылық туғызбайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кеше кешкісін Атыраудағы Сары-Арқа шағын ауданындағы қоқыс жәшіктерінің бірінің жанында қораптан табылған баланы медбикелер қарады. Баланың дені сау. Полиция қызметкерлері оның ата-анасын тапты. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Назымгүл Қайсағалиева.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Атырауда аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Өзге ақпарат істің мән-жайы анықталғаннан кейін хабарланады.