Атырауда қорапқа салынған 8-9 айлық бала табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қорапқа салынған 8-9 айлық бала табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қоқыс жәшіктерінің жанына тастап кеткен қораптан бала табылғаны жайлы әлеуметтік желі пайдаланушылары хабарлады. Бала Атыраудың Сары-Арқа шағын ауданында кеше кешкісін табылған. Куәгерлердің айтуынша, баланың денсаулығы жақсы көрінеді, киімі таза, жанына тамақтандыруға арналған бөтелке салынған.

Полиция департаменті аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, баланың табылғанын растады. Өзге ақпараттар іс анықталғаннан кейін жарияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар