+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Атырауда көпжылғы ағаштар тамырымен көшірілді

2021 жылғы 13 мамыр 17:38
Бөлісіңіз:
Атырауда көпжылғы ағаштар тамырымен көшірілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында көпжылғы ағаштар тамырымен көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада 42 мың тоннадан астам қоқыс кәдеге жаратылды Атырауда карантин талаптарын бұзғандарға 57 млн теңге айыппұл салынды Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

«АтырауИнжСтрой» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласындағы кеңейтілетін жол бойындағы ағаштар жұмысты атқаруға кедергі келтірген.

«Жобаға сәйкес, ағаштар кесілуі тиіс еді. Бірақ, жобаға тапсырыс беруші мен компанияның бірлескен ұйғарымымен ағаштарды басқа жерге ауыстырып, сақтау туралы шешім қабылданды», деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Осылайша, ауқымды жұмыс басталғанға дейін 38 ағаш «Мұнайшы» стадионы маңындағы аллеяға көшірілген. Қаланы көгалдандырумен айналысатын «КДМС» мердігерлік компаниясының мамандары «қоныс аударушыларға» үнемі бақылау жүргізгелі отыр.

«Ағаштар жаңа орынға бейімделгенге дейін «ауырады». Бірақ, тыңайтқыштар мен суару ағаштардың тамыр жаюына көмектеседі. Бір айда ағаштың тамыр жайғаны немесе өліп қалғаны белгілі болады», -деп мәлім етті «АтырауИнжСтрой» баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық оқушылар саябаққа жеміс ағаштарының көшетін еккен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT