Атырауда көппәтерлі 70 үй салынады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда көппәтерлі 70 тұрғын үйдің құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда әрқайсысында 72 пәтері бар 9 қабатты 70 үйдің құрылысына қажетті жоба-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Біздің болжамымызша, қажетті құжаттардың барлығы желтоқсан айында дайын болады. Содан соң шамамен 40-45 үйдің іргетасын құю жұмыстары басталып кетеді. Қалған үйлердің құрылысы келесі жылға қалады. 2019 жылы 50 үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр»,-деді Атырау облыстық құрылыс басқармасының жетекшісі Мәлік Аманов.

Айта кетейік, биылғы жылы облыста 3892 пәтері бар 44 көпппәтерлі үйлердің құрылысы басталды. 34 үй биыл пайдалануға беріледі. Бұл облыс көлемінде соңғы жылдары іске асырылған ең ауқымды шаралар болып отыр.

Соңғы жаңалықтар