Атырауда көпқабатты үйдің жертөлесінен ер адамның мүрдесі табылды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі баспалдақтан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желіде тараған ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның мүрдесі бүгін, 6 маусымда жергілікті уақытпен сағат 18:20 шамасында табылған.

«Атырау қаласындағы «Береке» шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі баспалдақта ер адамның денесі жатқаны хабарланды. Оның 1963 жылы туғаны анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген ұсынылған ақпаратта.

Әзірге ер адамның неден қайтыс болғаны белгісіз. Полиция қызметкерлері тергеп-тексеру жүргізуді бастады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Атыраудағы орталық алаңда 60 жастағы жұмысшы көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз. Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, тексеру жүргізді. Марқұмның денесінде жарақат жоқ. Алдын ала болжамға сәйкес, ол денсаулығындағы кінәратқа байланысты қайтыс болған. Марқұм сол маңға жақын орналасқан құрылыс алаңында жұмыс істегені анықталды», - делінген еді баспасөз мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар