Атырауда көпқабатты үйде лифт құлап, бір адам мерт болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көпқабатты үйде лифт құлап, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға бүгін, 4 тамызда сағат 10:00 шамасында болған.

Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Көпқабатты тұрғын үйдегі лифтіні бөлшектеу кезінде екі қызметкер лифт шахтасына құлап кеткен.

Оқиға орнында 40 жастағы адам мерт болған.

«Ал, екінші адам әртүрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 19 жастағы бойжеткен 8-қабаттан құлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар